«SportPortal.kz» сайтының материалдарын пайдалану туралы ережелер

(Бұдан әрі мәтін бойынша — Ережелер)

1. Жалпы ережелер

1.1 Бұл Ережелер «SportPortal.kz» сайтында жарияланған мәліметтерді пайдалану тәртібін және шарттарын қамтиды.

1.2 «SportPortal.kz» сайтының құрылтайшысы – ЖК «Media Home».

1.4 SportPortal.kz сайтында жарияланған барлық материалдардың (мәтін, иллюстрациялар, графика, фото, видео, аудио, сұхбаттар, шолулар, жеке авторлар бағаналары, арнайы жоба мәліметтері – бұдан әрі Материалдар) авторлық құқығы «Media Home» ақпараттық агенттігіне тиесілі (кейбір ерекше жағдайларды есепке алмағанда).

1.5 SportPortal.kz сайтында жарияланған өзге ақпараттық агенттіктердің, дереккөздердің және басқа да серіктестер Материалдарының авторлық құқығы өз иелеріне тиесілі. Оларды көшіріп басу туралы тікелей авторлық құқық иелерімен келісу қажет.

1.6 Тікелей «Media Home» ақпараттық агенттігіне тиесілі Материалдарды мазмұнын сақтай отырып, дереккөзге мәтіннің басында тікелей сілтеме жасап, редакцияны атап өтіп, тек үштен бірін ғана көшіріп басуға рұқсат етіледі.

1.7 Бұл Ережелер барлық ақпарат агенттіктеріне, электронды және мерзімді баспасөз құралдарына, интернет-ресурстарға және өзге бұқаралық ақпарат құралдарына, жеке және заңды тұлғаларға қатысты тікелей жұмыс істейді.

1.8 «Media Home» ақпараттық агенттігі аталған Ережелер бұзылған жағдайда сот шешіміне жүгіну құқығын сақтайды.

2. Материалдарды пайдалану

2.1 «Media Home» ақпараттық агенттігіне тиесілі Материалдарды толық көшіріп басу қажеттілігі туындаған жағдайда, мәселе жеке келіссөздер арқылы шешіледі.

2.2 «Media Home» ақпараттық агенттігіне тиесілі Материалдарды толық көшіріп басу шарттары туралы толық ақпаратты тікелей Редакциядан алуға болады.

3. Материалдарды пайдалануға (жариялау) қатысты міндеттемелер

3.1 Тікелей «Media Home» ақпараттық агенттігіне тиесілі Материалдарды мазмұнын сақтай отырып, дереккөзге мәтіннің басында тікелей сілтеме жасап, редакцияны атап өтіп, тек үштен бірін ғана көшіріп басуға рұқсат етіледі.

3.2 SportPortal.kz сайтында жарияланған Редакция Материалдарын 3.1 тармақта көрсетілген шарттарды сақтай отырып мерзімді баспасөз құралдарында (газет-журналдар) көшіріп басқанда авторлық құқық белгісін — ©; авторды және Материал иесін көрсету міндетті.

3.3 SportPortal.kz сайтында жарияланған Редакция Материалдарын 3.1 тармақта көрсетілген шарттарды сақтай отырып интернет-ресурстарда көшіріп басқанда авторлық құқық белгісін — ©; авторды және Материал иесін, сондай-ақ гиперсілтеме түрінде дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

3.4 Түпнұсқадағы мәтіннің мазмұнын өзгертуге, мағынасын бұрмалап көшіруге тыйым салынады.

3.5 Мазмұны өзгертілген немесе мағынасы бұрмаланған көшірме материалға қатысты жауапкершілікті көшіріп басқан жеке немесе заңды тұлға өз мойнына алады.

3.6 SportPortal.kz сайтында жарияланған Редакция Материалдарын 3.1 тармақта көрсетілген шарттарды сақтай отырып көшіріп басу барысында Агенттік атауын «7kun.kz» ақпараттық агенттігі» деп көрсету міндетті.

3.7 Аталған Ережелер келісім-шарт болып табылмайды.

«Media Home» ақпараттық агенттігі аталған Ережелерге ешқандай ескертусіз біржақты шешіммен өзгертулер мен түзетулер енгізе алады. Өзгертулер мен түзетулер енгізілген Ережелер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.