Жеңісімен желпінткен жастар

3

Қазіргі кезде елімізде кенжелеп келе жатқан спорт түрлерінің ішінде еңсесін биік ұстап тұрған бір спорт түрі болатын болса ол Мейбуакан Годзюру карате-до екенін айтуға болады. Осы спорт түрінде жаттығатын қаракөз жастарымыздың көпшілігі бүгінде  әлем жарыстарында  топжара бастады.

Годзюру Мейбукан карате түрінде кірпіш, ағаш секілді қатты заттарды саусақтардың  ұшымен сындыру секілді жаттығулары бар. Бұл әрине,  көп жаттығып, шыныққанның нәтижесінде жасайтын «тамшавари» атты   күрделі  жаттығу екені белгілі. Осындай қиын әдістерді керегіне тиімді қолдану хас шебердің ғана қолынан келетін шаруа. Негізі осы бір жарақаты алу жағынан алда тұрған спорт түрі болса да батыр елдің ұрпағы қазақ балалары өте құштарлықпен айналысып келеді. Бұл спорт түрінде шекету жоқ. Айналысқандарға жас шамасы шектелген бе? Негізі Годзюру Мейбукан карате спортына қызығып келушілердің арасында небір таусоғар алып денелі жастар келгенімен, бұл спорттың құпиясын түсінбегендіктен тастап кетіп жатады екен. Әсіресе, кірпіш сындыру секілді жаттығуларға келгенде, сағы сынып қолдарын ауыртып, кетіп қалатындар көптеп табылып жатады. Ал, басты құпиясы денені қатайту, дұрыс тыныс алу әдістеріне көп көңіл бөлу екендігін мән бере бермейді. Сондықтан айтулы спорттың майын ішіп жілігін шаққан маман бапкерлер, қатты заттарды сындыруға келгенде, міндетті түрде тыныс алу жүйесіне аса мән беру керектігін ескертеді.

Соңғы жылдары спорттың осы түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Иә, сүйікті спорт түріне жан тәнімен беріліп, сая тапқан кейбір арқалы азматтардың арқасында ол қазақ жерінде де қанатын кеңінен жая бастады. Сондай бір жанның бірі, Қазақстан Республикасы Мейбукан Годзюрю карате-до ассоциациясының президенті, қара белбеу 4 дан иегері Нұрлан Керімбековты айтсақ болады. Нұрланның арманы әлемнің әр түкпірінде осы спорттан өтетін байрақты бәсекелерде көк туымызды жеңіс тұғырынан желбірету екен. Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан  болсын дегендей, елім деп, елеулі еңбегімен алғысқа бөлене бастаған Нұрлан Керімбековтей ер тұлғалы, өз таңдаған спортына жанашыр жандардың арқасында  кенжелеп болса  да келіп қосылған, годзюру мейбукан карате-до түрі, қазірдің өзінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізе бастады.

Оның айғақтары жетерлік десек соның бірі жуырда Одессада өткен Еуропа кубогы болып саналады.

Украинада жалауын желбіреткен  Годзюрю карате –до  дан Әлем Кубогы үшін 15 мемлекеттің  қатысуымен дүбірлі жарыс өтіп, қазақстандық жасөпірім шеберлер 13 алтын, 8 күміс, 5 қола медальдарды жеңіп алып, жалпы командалық 2 орынды иеленіп келді. Қазақстан құрамасы алдына тек алаң иелері украиналықтарды ғана жіберіп алған екен. Жоғары деңгейде  ұйымдастырылған бұл турнирде Мейбукан Годзюрю карате-до ассоциациясының президенті,  Нұрлан Керімбаев бастап барған жалынды жас қазақтың қайсар ұл-қыздары тамаша көрсеткен өнерлерімен көрермендердің көңіл төрінен орын алыпты. Қазақстандық жас таланттар Ката, Кобудо, Шобу кумитэ, Ирикуми дзю, Ирикуми Го жаттығулары бойынша сынға түсіп,  жеңіс тұғырын ешкіммен бөліспеу үшін жанкешті жекпе-жектерін өткізген екен. Нәтижесінде айбарлы да аййбында  алаштың жас ұландары жеңіс тұғырының барлық сатысынан көрініп, еліміздің абыройын асқататып қайтты. Ендігі мақсат әлем жарысында осы жеткен жетістікті қайталау. Ендеше жігерлі жастарымызға сәттілік тілейміз.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ 

АЛМАТЫ

Дереккөз: SortPress.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз