Хорватия: тұңғыш финал

6

Жартылай финал

Англия – Хорватия – 1:2 (Триппьер, 5 – Ракитич, 68, Манджукич, 109)

* Хорватия құрамасы жартылай финалда Англияны тізерлетіп, өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалында ойнайтын болды.

* Хорватия құрамасы – әлем чемпионатының финалына жолдама алған ФИФА рейтингіндегі ең төменгі команда. Қазір хорваттар рейтингте 20 орында тұр. ФИФА рейтингі 1992 жылдан бері түзіліп келеді.

*- Англия құрамасы 28 жылдан кейін әлемдік доданың жартылай финалында тағы тежелді. «Арыстандар» 1990 жылы жартылай финалда Германия құрамасынан ойын соңындағы пенальтиден жеңілген еді (негізгі және қосымша уақыт – 1:1).

* Хорватия құрамасы – әлем чемпионатында үш кездесуде қосымша уақытта ойын өткізген екінші команда. 1990 жылы Англия құрамасы да үш ойында қосымша уақытқа жүгінген-ді.

* Англия құрамасының қорғаушысы К.Триппьер 5 минутта айып добын дәл теуіп, есеп ашты. Бұл – ағылшындардың турнирде стандарттардан соққан 9 голы. 1966 жылдан бері мұндай үздік нәтиже болған емес.

* Хорватия әлем чемпионаттарындағы рекордын қазір-ақ жаңартып отыр. Бұл құрамам 1998 жылы қола жүлде иеленген еді. Биыл кемі күміс медаль алады.

* Хорватия құрамасы екінші рет Англияны үлкен жетістіктен қағып отыр. 2007 жылдың күзінде хорваттар сырт алаңда Англияны 3:2 есебімен жеңіп, Еуро-2008 финалдық кезеңінің жолдамасынан айырып енді. Енді әлем чемпионатының финалынан қақты.

* Екі құрама да ХХІ ғасырда әлем чемпионатының жартылай финалында бірінші рет ойнады.

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз