«Астана»: алтыншы сапар сәтті басталды

4

Чемпиондар лигасы. І іріктеу кезеңі
«Астана» — «Сутьеска» (Қаратау) – 1:0 (Муртазаев, 29-пенальтиден)

«Астана»  өзінің алтыншы еурокубок маусымын сәтті бастады. Елордалықтар еурокубоктағы алғашқы матчында үшінші рет жеңіске жетіп отыр:
2013 жыл. «Астана» — «Ботев» (Болгария) – 0:1
2014 жыл. «Пюник» (Армения) — «Астана» — 1:4
2015 жыл. «Марибор» (Словения) – «Астана» — 1:0
2016 жыл. «Жальгирис» (Литва) – «Астана» — 0:0
2017 жыл. «Спартакс» (Латвия) – «Астана» — 0:1
2018 жыл. «Астана» — «Сутьеска» (Қаратау) – 1:0

* Соңғы 4 маусымда «Астана» қатысқан алғашқы еурокубок ойындарында 1 голдан артық соғылған жоқ.

* «Сутьеска» — қазақстандық командаларға қарсылас болған алғашқы қаратаулық команда.

* «Астана» — «Сутьеска» кездесуінде қорғаушы Дмитрий Шомко еурокубоктардағы 49 матчын өткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол қорғаушы Юрий Логвиненкоға бір қадам ғана жетпей тұр. Ал Н.Ерич пен С.Мұжықов – 40, Е.Постников 30 еурокубок матчын өткізді. Беларусь қорғаушысы И.Маевский «Астана» сапында 15 матчқа қатысты.

* Жартылай қорғаушы Б.Зайнутдинов еурокубоктағы алғашқы ойынын өткізді.

* Н.Ерич еурокубок мачтарында 13 «құрғақ» ойынын өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша А.Сидельниковты қуып жетті. Бірақ Андрейдің тиімділік көрсеткіші жоғары. Ол 36 матчтың 13-інде қақпасына доп енгізбесе, Ерич бұл көрсеткішке 40 ойында жетіп отыр. Үшінші орында – «Қайраттың» қақпашысы В.Плотников. Ол 14 кездесуде 5 рет қақпа құлпын берік ұстады.

* Шабуылшы Роман Муртазаев «Астана» сапындағы алғашқы еурокубок голын соқты. Бұған дейін ол «Шахтер» сапында «Скендербеудің» (Албания) және «Атлантастың» (Литва) қақпасын діл көздеген болатын.

* Р.Муртазаев «Астананың» еурокубоктардағы 4 пенальтиін дәл соқты. Оған дейін П.Твумаси – «Маккаби» (Т-А, Израиль), Р.Каньяс «Хапоэль» (Хф, Израиль») және ХИК (Финляндия) қақпасына 3 пенальтиді мүлтіксіз тепкен болатын.

* «Астана» еурокубоктардағы 49 матчын өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша екінші орындағы «Ақтөбеден» (46 матч) ұзай түсті.

* «Астана» еурокубоктарда 17 жеңісіне жетті. Сөйтіп, жеңілістер мен жеңістер санын теңеді (17=17).

* «Астананың» еурокубоктарда соққан голының саны 64-ке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша елордалықтар екінші орындағы «Ақтөбеден» (53) 11 доп алда. Дегенмен доп айырмасы жөнінен «Астанада» әзірше – -10 (64:74). Қазақстан командалары арасында доп айырмасы + деңгейінде жалғыз команда бар: «Қайратта» бұл көрсеткіш +10 (37:27). Екінші орында – «Ертіс» (+0, 15:15). Бірақ «Қайрат» еурокубоктарда «Астанадан» — 23, «Ертіс» 33 матч кем өткізді.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз