Қазақстандық каратэшілер Украинадан табысты оралды

5

     6-8 шілде аралығында  Одесса қаласының Спорт сарайында WGKF аясында ұйымдастырылған Годзю-рю Каратэден әлем чемпионаты өтті.

     Бұл турнир татамиге 15 елдің спортшысын жинап, жоғары деңгейлі жекпе-жектер мен тамаша ұйымдастырудың арқасында керемет әсер қалдырды. Қазақстан құрамасы Нұрхан Аташбай сынды сенсейдің басшылығымен 12 каратэшіні  апарды. Спортшылар Ката, Кобудо, Шобу кумитэ, Ирикуми Дзю, Ирикуми Го. түрлерінен сынақ тапсырды. ҚР құрамасы жақсы дайындық және жауынгерлік рухымен ерекше көзге түсті. Команданың жарыс басталысымен-ақ соңғы жекпе-жекке дейін жоғары нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтқаны көрініп тұрды. Әр салмақтағы қазақстандық спортшылар үздік үштікке енді. Құрама қоржынында 13 алтын,  8 күміс және 5 қола жүлде бар. 

     Турнир қорытындысы бойынша Қазақстандық құрамасы жалпыкомандалық 2-орынға ие болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз