«Алтай»: сын кезегі — үшке

5

Серік ҚАНТАЙ

Өскемендегі Борис Александров атындағы спорт сарайында 11-18 шілде аралығында екінші жыл қатарынан волейболдан қыздар арасында Азия клубтық чемпионаты өтеді. Осы турасында аз-кем ақпарат.

 * Бұл – екі жыл қатарынан үшінші орын үшін ойнап жеңілген (2016, 2017)  ел чемпионы «Алтайдың» Азия клубтық чемпионатындағы үшінші мүмкіндігі.

*Тарихта Өскемен бірінші рет сары-ала доптан ірі бір турнирді екі жыл қатар қабылдап отыр.

* «Алтай» үшінші жыл үшінші бапкермен турнирге қатысады:
2016  жыл – Бурхан Жанболат.
2017 жыл – Ярослав Антонов.
2018 жыл – Юрий Панченко.

 *Үш Азия клубтық чемпионатында «Алтай» сапында ойнаған ең қарт және жас ойыншылар:
2016 жыл:Инна Матвеева (12.10. 1978) – 37 жас; Айнагүл Айжарықова (04.09.1994) – 22 жас.
2017 жыл: Инна Матвеева (12.10.1978) – 38 жас;  Айнагүл Айжарықова (04.09.1994) – 23 жас.
2018 жыл: Ольга Дробышевская (10.06.1980) – 38 жас; Ботагөз Сәрсенбаева (16.05.1997) – 21 жас.

* «Алтаймен» бірге үшінші жыл қатарынан Азия клубтық чемпионатына қатысып отырғандар – Сана Анарқұлова, Кристина Аниконова, Әлия Садықова, Айнагүл Айжарықова (2016, 2017, 2018).

* «Алтай» екі Азия клубтық чемпионатында он үш ойын өткізді (7 кездесу жеңіспен, алты ойын жеңіліспен аяқталды).  Төрт ойын бес сетке дейін созылды.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз