«Самтредиа» — Тобыл» — 0:1

3

Гол соққан: Максим Федин, 90+4

Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі

* «Тобыл» Қазақстан клубтарының биылғы еурокубок сапарын сәтті бастады. Бірден жеңіске жетіп, УЕФА коэффицентінде ел қоржынына 0,250 ұпай салды.

* Бұл — «Тобылдың» еурокубоктардағы 25-матчы және 10-жеңісі.

* «Тобыл» 7 жылдан кейін еурокубоктардағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Соңғы рет қостанайлықтар 2008 жылдың 19 шілдесінде УЕФА кубогының алғашқы іріктеу кезеңінде «Аустрия» (Австрия) командасын өз алаңында 1:0 есебімен жеңген еді. Содан кейін «Тобыл» УЕФА кубогының, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінде 7 кездесу өткізіп, 5 рет жеңілді, 2 рет тең ойнады (доп айырмасы – 5:12).

* «Тобыл» еурокубоктарда сырт алаңдарда бесінші жеңісін иеленді. Бұған дейін отандастарымыз «Полония» (Польша), «Сент-Трюйден» (Бельгия), «Слован» (Чехия), ОФИ (Грекия) командаларын сырт алаңда тізе бүктірген еді.

* «Тобыл» еурокубоктарда тұңғыш рет Грузия командасымен кездесіп, алғашқы кездесуде басым түсті.

* Максим Федин еурокубоктардағы алғашқы добын соқты.

* «Самтредиа» қақпасына соққан доп – «Тобылдың» еурокубоктардағы ең кеш голы. Бұған дейінгі ең кеш гол – Н.Жұмасқалиевтың «Полония» қақпасына 90+3 минутта енгізген голы еді (29.06.2003 ж. Интертото кубогы. Алғашқы кезең. «Тобыл» — «Полония» — 2:1).

* Қазақстан клубтары Грузия командаларын сырт алаңда екінші рет жеңді. Бұған дейін 2014 жылы «Ақтөбе» Тбилисде жергілікті «Динамоны» 1:0 есебімен қапы қалдырған еді (16.07.2014 ж. Чемпиондар лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Динамо» (Тбилиси) – «Ақтөбе» — 0:1)

* Азат Нұрғалиев «Тобыл» сапындағы еурокубоктардағы 17-матчына қатысты. Азат 2006-2010 жылдар аралығында қостанайлықтар құрамында тұрақты ойнады. «Самтредиаға» қарсы ойын – Нұрғалиевтің еурокубоктардағы 27-ойыны.

* Ал Таңат Нөсербаев еурокубоктардағы 26-кездесуін өткізді.

* Қарымта кездесу 19 шілде күні Қостанайда өтеді.

(«Тобыл» ФК баспасөз қызметінің фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз