Сатыбалдинова бірінші рет жеңілді

2

Американың Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте отандасымыз Аида Сатыбалдинова жергілікті боксшы Селина Барриоспен қолғап түйістірді. Бұл рейтингтік жекпе-жек болатын.

Осыған дейін Аида кәсіпқойлар арасында 3 кездесу өткізіп, бәрінде де қарсыластарынан басым түскен еді. Ол Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBF) чемпиона атағы үшін де сынға түсіп, мексикалық Аннет Пабеллоны жеңген еді.

Алайда Техаста өткен кездесудің төртінші раундында Аида Барриостың ауыр соққысын жіберіп алды. «Мен бір ғана соққыны көрмей қалдым. Мұндай жағдай боксшылардың басында болып тұрады. Майк Тайсон да, Рой Джонс та құлап тұрған. Мен шаршы алаңға бұрынғыдан да күшті болып ораламын» деді Аида.

Барриос та қазақстандық қарсыласының арыстанша айқасқанын айтты. Енді ол Сатыбалдиноваға қарымта кездесу мүмкіндігін беретінін де мәлімдеп отыр.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз