Данияр Елеусінов Гиясовтың бұрынғы қарсыласымен қолғап түйістіреді

3

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап. 

Кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде  ұтқан Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінде Шахром Гиясовтың бұрынғы қарсыласы болған боксшымен кездеседі. Рио Олимпиадасының чемпионы венгриялық Габор Горбичке (24-11 14KO) қарсы жекпе-жек өткізеді. Елеусінов Горбичпен екінші жекпе-жегінде жұдырықтасу керек болған. Енді қос спортшы 4 тамыз күні, Кардиффте өтетін бокс кешінде қолғап түйістіреді. Ал Рио Олимпиадасының финалында отандасымызға есе жіберген Гиясов Горбичтті ұпай санымен жеңген болатын. 

Айта кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін Венгрия елінің өкілі Золтан Шабоға (23-11, 14 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз