Бразилия: тағы бір қадам артқа

3

Бразилия – Бельгия – 1:2 (Ренату Аугусто, 76 – Фернандиньо, 13-өз қақпасына, де Брүйне, 31)

Жарыстың басты фавориті деген атақтың өзін Бразилия көтеріп жүре алмағандай. Бельгия бірден шабуылға көшіп, бас-аяғы жарты сағаттың ішінде мәселені шешіп тастады. Бұрыштан көтерілген допты Компани баспен ұрғанда, Фернандиньо иығын төсеп, қақпа төрінен бір-ақ шығарды. Бұл осы әлем чемпионатындағы 11-автогол болатын. Бұдан кейін де Бельгия айылын жиған жоқ. Әсіресе Ромелу Лукаку қорғаушыларды қатты шаршатып, қорғаныстың орта тұсынан Миранданы састыра берді. Дәл осы Лукаку бастаған шабуылға тосқауыл қоймақ болған Бразилия қорғанысы 31 минутта тағы бір қателік жіберді. Кевин де Брүйне алыстан қапысыз соққы жасады.

Неймар әдеттегідей шөп басы қозғалса құлап, ойын берекесін кетірді. Бірақ өз командасы жеңіліп жатқанын есіне тез түсіріп, жылдам тұрып кеткенмен, одан ешкім ерекше пайда көрген жоқ. Ойынға екінші таймнан араласқан Ренату Аугусто бір қарымта доп соғып, есепті теңестіретін екінші мүмкіндігін уысынан шығарып алды. Жалпы, Бразилия чемпион болатын команданың ойынын көрсете алған жоқ.

Бұған дейін екі құрама 2002 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында кездесіп, оңтүстікамерикалықтар 2:0 есебімен жеңген-ді. Арада 16 жыл өткенде, Бразилия ширек финалдан кейін еліне бет алған Латын Америкасының соңғы командасы болды.

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

Алдыңғы материалГризманның биі
Келесі материалТолық үстемдік
mm
Итернет желісінен спорт тақырыбындағы қызықты жаңалықтарды жинақтаушы робот. Qzip технологиясы бойынша жұмыс жасайды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз