Толық үстемдік

3

Швеция – Англия – 0:2 (Магуайр, 30, Алли, 59)

Англия құрамасы араға 28 жыл салып, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Оған дейін 1990 жылғы Италия мундиалінде ағылшындар төртінші орынға табан тіреген еді. Дегенмен Ресей жеріндегі додада Англия сол көрсеткішті жаңарта алатындай ойын көрсетіп келеді. Ширек финалдағы қарсыласы Швеция бұл матчта көп қайрат таныта алған жоқ. Англияның әр ойыншысы өз шебінде үстімдік танытып, бұл жеңістің әбден заңды екенін 90 минут бойы толық дәлелдеді.

Магуайр баспен тамаша соғып, есеп ашты. Шведтердің екі қуатты соққысын қақпашы Джордан Пикфорд қапысыз қайтарды. Алли есепті ұлғайтқан соң, шведтерде қарымта қайтаратын жігер қалмады десе де болады. Бұл құрама іріктеу кезеңінде – Голландияны, қосымша іріктеуде – Италияны, топтық турнирде Германияны артқа тастап, эмоциялық қуаттан айырылып қалғандай көрінді.

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз