Швеция сегіз үздіктің сапына енді

5

Швеция – Швейцария – 1:0 (Форсберг, 66)

Екі команданың плей-оффқа шығуын кездейсоқ дегендер де, заңлдылық дегендер де көп болды. Бірақ олар артқа тастаған қарсыластарға қарап-ақ мықты деп мойындамасқа лаж жоқ. Швеция құрамасы іріктеу кезеңінде – Голландияны, қосымша іріктеу ойындарында – Италияны, топтық турнирде Германияны жолда қалдырды. Ал Швейцария Бразиkиямен тең ойнап, Сербиямен кездесуде жігерлі жеңіске жетіп, 1/8 финалда лайықты түрде бой көрсетті. Бірақ қатенің құны зор екенін сезініп, екі команда ұзақ ырғасты. Емил Форсберг есеп ашқан кезде, доп қарсы қорғаушыдан серпіліп барып торға түсті. Бірақ бұдан кейін де швейцариялықтар есеп теңестіретін мүмкіндік туындата алған жоқ. Ойын соңында әуелі пенальти белгілеп, артынша ойынан айныған төреші Дамир Скомина ақыры айып соққысын белгілеген-ді. Бірақ Швеция есепті үстей алмады. Сөйтіп, Швеция құрамасы 1994 жылдан кейін араға 24 жыл салып әлем чемпионатының сегіз үздігі қатарына еніп отыр.

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз