Англия+пенальти = 1:3

6

Колумбия – Англия – 1:1, пенальтиден – 3:4 (Кейн, 57-пенальтиден – Мина, 90+3)

Колумбия құрамасының қорғаушысы Йерри Мина осы турнирде үшінші голын енгізіп, әлем чемпионаттары тарихында бір додада ойында үш рет  мергендік танытқан қорғаушылар қатарына қосылып отыр. 1974 жылғы әлем чемпионатында ГФР құрамасының қорғаушысы Пауль Брайтнер де осындай жетістікке жеткен, алайда Мина сияқты емес, ол үш голының біреуін пенальтиден соғыпты.

Ал Англия құрамасы осыған дейін әлемдік додаларда үш пенальти сериясына қатысып, үшеуінде де жеңілген еді. Биыл сол сәтсіздікке ақыры нүкте қойылды. «Пенальтиді ағылшындар ойлап тапқан, бірақ үнемі жеңілетіндер де солар» деген мәтел де маңызды бола қоймас енді.

Харри Кейн алтыншы голын соғып, 2014 жылғы әлемдік доданың бас мергендерін қуып жетті.

Ширек финалдағы Швеция – Англия матчы 7 шілдеде Самара қаласында өтеді.

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз