Алмат Кебіспаев әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады

5

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Алмат Кебіспеав Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінің көшін бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Алмат Кебіспаев 67 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте ең үздік балуандардың көшін бастады. Отандасымыз  52 ұпай жинап, 67 келіде әлемнің ең үздік балуаны болып тұр.  Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Исмаел Борреро 47 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Ал ресейлік балуан Артем Сурковүздік үштікке ілінген.

Айта кетейік, Алмат Кебіспаев Бішкекте өткен Азия чемпионатында 67 келіде қарсыластарын қоғадай жапырып, екінші мәрте Азияның ең үздік балуаны атанды. Сондай-ақ бұған дейін отандасымыз 60 келі салмақта сынға түсіп жүрді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз