Садриддин Ахмедов чемпиондық белбеуге таласады

6

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегінде чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен «Қазақ сарбазы» келесі жекпе-жегінде әлем чемпионы атағына таласуы мүмкін. Бұл туралы спортшы Qsport.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

 «– Шаршы алаңға 15 шілде шығу керек едім. Алайда, келесі кездесуімді күзде өткізетін болдым. Алла қаласа, сол жекпе-жегімді жастар арасындағы әлем чемпионы атағына таласуым мүмкін. Әзірше, кіммен жұдырықтасатыным белгісіз», – дейді Ахмедов.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Густаво Гарибайға (13-11-2, 5 КО) қарсы өткізіп, 5 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осы жеңістен кейін   «Қазақ сарбазы» Boxrec.com рейтингісінде орта салмақ дәрежесінде  295 орынға жайғасты.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз