Жапония жеңіп тұрып, жолдан шықты

3

1/8 финал

Бельгия – Жапония – 3:2 (Вертонген, 69, Феллайни, 74, Шадли, 90+4 – Харагути, 48, Инуи, 52)

Бельгия құрамасы 1966 жылдан бері мызғымаған жетістікті қайталады: матч барысында 2 доп айырмасымен жеңіліп тұрып, ойын соңында жеңісті жұлып әкетті.

Соңғы рет мұндай жетістікке 52 жыл бұрын Португалия қол жеткізген еді. 1966 жылғы әлем біріншілігінің ширек финалында португалдар КХДР құрамасынан 25 минутқа дейін 0:3 есебімен (Пак, 1, Ли, 22, Ян, 25) жеңіліп тұрып, одан кейін қарымтасыз 5 гол (Эйсебио, 27, 43-пен, 56, 59-пен, Жозе Аугушту, 80) соққан болатын.

Демек, Бельгия құрамасы екі гол айырмасын жоққа шығарғанмен, Португалияның ірі  жігерлі жеңісін өзгерте алған жоқ.

Ал плей-офф кезеңдерінде осындай жігерлі жеңіске 1970 жылы ГФР құрамасы ие болды. Бірақ ағылшындармен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, немістер жеңіс голын қосымша уақытта соқты: Беккенбауер, 68, Зеелер, 76, Г.Мюллер, 108 – Маллери, 31, Питерс, 49.

Жапония құрамасының жартылай қорғаушысы Кейсуке Хонда осы матчтан кейін құрамамен қош айтысатынын мәлімдеді. Хонда 2008-2018 жылдар аралығында 98 матчқа қатысып, 37 гол соқты. Осы доптардың төртеуін ол әлем чемпионаттарында енгізді.

Жапония құрамасы биылғы додада 6 гол соғып, өздерінің әлем чемпионаттарындағы нәтижелілік көрсеткішін жақсартты. Бұған дейін «күншығыс елінің» өкілдері 2002 жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен мундиальда 5 доп енгізген еді.

Бельгия құрамасы Бразилиямен ширек финалда 6 шілде күні Қазанда жолығады.

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз