«Қызылжарға» 90+3 минут — үлкен жүк

4

«Жетісу» — Қызылжар-СҚ» — 2:1 (Пуношевач, 13-өз қақпасына, Мавутор, 90+3 – Григалашвили, 61)
Қазақстан премьер-лигасы
15 тур. 23 маусым

* «Жетісу» биылғы чемпионаттағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.

* Екі команданың І айналымдағы кездесуі 1:0 есебімен қызылдарлықтардың пайдасына шешіліп еді. Ол ойында Братислав Пуношевач 26 минутта жеңіс голын соқты. Ал Талдықорғандағы қарымта матчта Пуношевач тағы есеп ашты, алайда өз қақпасына гол соғып алды.

* Пуношевачтың автоголы – биылғы маусымдағы жетінші автогол. Өз қақпасына гол соғып алу көрсеткіші бойынша «Қызылжар-СҚ» өзге командалардан алда. Пуношевачқа дейін 2 турда Г.Попхадзе «Ордабасымен» кездесудің 66 минутында өз қақпасына «жеңіс» голын соғып алған еді.

* «Қызылжар-СҚ» биылғы чемпионатта 10 ойында жеңілген алғашқы команда болып отыр.

* «Қызылжар-СҚ» — биылғы қорғанысы ең әлсіз команда. Солтүстікқазақстандықтар 25 гол жіберді.

* Ойынның соңғы минуттары «Қызылжарға» аса ауыр соғып жүр. Әсіресе, 90+3 минут. Дәл осы қосымша уақытта солтүстікқазақстандықтар қақпасына 4 гол соғылыпты:
25.04.2018 ж. 19 тур. «Қызылжар-СҚ» — «Астана» — 0:2 (Твумаси, 90+3, 0:2)
05.05.2018 ж. 8 тур. «Қызылжар-СҚ» — «Ақжайық» — 2:1 (Ерсәлімов, 90+3, 2:1)
19.05.2018 ж. 11 тур. «Ертіс» — Қызылжар-СҚ» — 5:0 (Попадюк, 90+3, 5:0)
23.06.2017 ж. 15 тур. «Жетісу» — «Қызылжар-СҚ» — 2:1 (Мавутор, 90+3, 2:1)

* «Жетісу» биыл небары үшінші матчта ғана бір ойында екі немесе одан көп гол соғып отыр.

(fc-zhetisu.kz фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз