Қақпаға доп жауған таймдар

6

Англия – Панама матчының бірінші таймы 5:0 есебімен аяқталды (қорытынды есеп 6:1). Осындай нәтижелі тайм бұрын-соңды болған ба еді?

Сәкен СЫБАНБАЙ

Болған. Бір таймда 5 емес, 6, 7, тіпті 9 доп та соғылған кездер болған. Мәселен, 1954 жылғы доп додасының ширек финалында Швейцария және Австрия құрамалары нағыз аула футболын көрсетіп, бірінші таймда-ақ 9 гол соғып тастады – 4:5! Екінші таймда арынын сәл іріккенімен, Альпі етегіндегі қос ел футболшылары төреші ойынды аяқтағанша тағы 4 доп енгізіп үлгерді. Нәтижесінде 7:5 есебімен австриялықтар жеңді. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы гол ең көп (12) соғылған матч. Осы ойынның бірінші бөлігі нағыз қақпаға доп жауған тайм саналады.

Сол жылы әлем чемпионы болған Германия құрамасын (ол кезде Батыс Германия немесе ГФР дейтін) топтық кезеңде венгрлер түтіп жеді – 8:3! Кездесудің бірінші таймы 3:1 боп біткенде, ешкім де түпкі нәтиже осындай болады деп күткен жоқ еді. Алайда Венгрия футболшылары екінші таймда алғашқысынын да бетер қарқынды ойнап, 5 гол соқты, немістер небәрі 2 доппен жауап қайырды.

Бірінші таймда-ақ қарсыласын таптап бастаған (6:0) 1974 жылғы Югославия құрамасының ерлігіне әлі ешкім жете алған жоқ. Англияның кешегі Панамаға көрсеткен «әлімжеттігі» – тек өзіне дейінгі екі көрсеткішті қайталау ғана: 1974 жылы поляктар Гаитиді, ал 2014 жылы немістер Бразилияны үзілісте-ақ 5:0 есебімен ұтып тұрған еді.

Гол саны            1-тайм + 2-тайм = қорытынды есеп             Жыл
9 гол (1-тайм)    Швейцария – Австрия – 4:5 + 2:2 = 5:7        1954
7 гол (2-тайм)    Венгрия – Германия – 3:1 + 5:2 = 8:3           1954
7 гол (2-тайм)    Венгрия – Сальвадор – 4:0 + 6:1 = 10:1       1982
6 гол (2-тайм)    Аргентина – АҚШ – 1:0 + 5:1 = 6:1               1930
6 гол (2-тайм)    Германия – Австрия – 1:0 + 5:1 = 6:1           1954
6 гол (2-тайм)    Франция – Парагвай – 2:2 + 5:1 = 7:3          1958
6 гол (1-тайм)    Югославия – Заир – 6:0 + 3:0 = 9:0             1974
6 гол (2-тайм)    Португалия – КХДР – 1:0 + 6:0 = 7:0           2010
5 гол (2-тайм)    Аргентина – Мексика – 3:1 + 3:2 = 6:3        1930
5 гол (2-тайм)    Италия – АҚШ – 3:0 + 4:1 = 7:1                    1934
5 гол (2-тайм)    Чили – АҚШ – 2:0 + 3:2 = 5:2                        1950
5 гол (2-тайм)    Бразилия – Швеция – 3:0 + 4:1 = 7:1           1950
5 гол (2-тайм)    Венгрия – Оңт.Корея – 4:0 + 5:0 = 9:0         1954
5 гол (2-тайм)    Германия – Түркия – 3:1 + 4:1 = 7:2            1954
5 гол (2-тайм)    Уругвай – Шотландия – 2:0 + 5:0 = 7:0       1954
5 гол (2-тайм)    Франция – Германия – 3:1 + 3:2 = 6:3         1958
5 гол (1-тайм)    Португалия – КХДР – 2:3 + 3:0 = 5:3           1966
5 гол (1-тайм)    Польша – Гаити – 5:0 + 2:0 = 7:0                 1974
5 гол (2-тайм)    Бразилия – Голландия – 0:0 + 3:2 = 3:2     1994
5 гол (1-тайм)    Бразилия – Германия – 0:5 + 1:2 = 1:7       2014
5 гол (1-тайм)    Англия – Панама – 5:0 + 1:1 = 6:1              2018

(fifa.com фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз