Еурокубок-18: «Қайрат» кіші елдердің біріне барады

7

Еуропа лигасына іріктеудің бірінші кезеңінде Алматының «Қайраты» «Фольгоре» (Сан-Марино) және «Енгордани» (Андорра) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл екі команда Еуропа лигасына бастапқы іріктеу кезеңі аясында 28 маусым және 5 шілдеде мықтыны анықтайды.

«Фольгоре» — Сан-Мариноның 4 дүркін чемпионы. Еурокубоктарға 5 рет қатысып, бәрінде бірінші қарсыласынан өте алмаған. Өткен маусымда Еуропа лигасының І іріктеу кезеңінде «Валетта» командасынан 0:3 (0:1 және 0:2) есебімен жеңілді.

«Енгордани» еурокубокқа тұңғыш рет қатысады. Биыл Андорра тұрақты чемпионатында екінші орын алды.

Бірінші іріктеу кезеңінде осы жұптың жеімпазын артқа тастайтын болса, «Қайрат» екінші кезеңде Нидерландтың АЗ командасымен жолығады.

«Қайрат» еурокубоктарға сегізінші рет қатыспақ.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз