Еурокубок-18: жеті жылдан кейін оралу

5

Еуропа лигасының І іріктеу кезеңінде «Тобыл» (Қостанай) Грузияның «Самтредиа» командасымен кездеседі. Алғашқы кездесу 12 шілде күні –  Самтредиада, қарымта ойын 19 шілдеде Қостанайда өтеді.

«Тобыл» еурокубоктарға 7 жылдан кейін оралып отыр. 2003 жылы – тұңғыш рет, 2006-2011 жылдар аралығында қатарынан 6 жыл қостанайлықтар үш еурокубокқа да қатысты. Ең жоғары нәтижесі – 2007 жылғы Интертото кубогындағы табысы. «Тобыл» үш қарсыласын да қапы қалдырып, УЕФА кубогына жолдама алды.

2011 жылы «Тобыл» Қазақстан чемпионы ретінде Чемпиондар лигасының ІІ іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен кездесіп, 1:3 (0:2, 1:1) есебімен жеңілді. Содан кейін қостанайлықтар 7 жыл бойы еурокубок ауылына ат ізін салған жоқ.

Ал «Самтредиа» — Қазақстан клубтары кездесетін алтыншы грузиялық команда болмақ.

Ең қызығы, Грузия клубтарымен ең алғаш еурокубоктарда кездескен де – осы «Тобыл»:
23.06.2007 ж. Интертото кубогы. І іріктеу кезеңі. «Тобыл» — «Зестафони» — 3:0
30.06.2007 ж. Интертото кубогы. І іріктеу кезеңі. «Зестафони» — «Тобыл» — 2:0
17.07.2007 ж. Чемпиондар лигасы. І іріктеу кезеңі. «Олимпи» (Рустави) – «Астана»-1964 – 0:0
24.07.2007 ж. Чемпиондар лигасы. І іріктеу кезеңі. «Астана»-1964 – «Олимпи» — 3:0
14.07.2010 ж. Чемпиондар лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Ақтөбе» — «Олимпи» — 2:0
21.07.2010 ж. Чемпиондар лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Олимпи» — «Ақтөбе» — 1:1
14.07.2011 ж. Еуропа лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Олимпи» — «Ертіс» — 1:1
21.07.2011 ж. Еуропа лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Ертіс» – «Олимпи» — — 0:2
05.07.2012 ж. Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі. «Торпедо» (Кутаиси) – «Ақтөбе» — 1:1
12.07.2012 ж. Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі. «Ақтөбе» — «Торпедо» — 1:0
16.07.2014 ж. Чемпиондар лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Динамо» (Тбилиси) – «Ақтөбе» — 0:1
23.07.2014 ж. Чемпиондар лигасы. ІІ іріктеу кезеңі. «Ақтөбе» — «Динамо» (Тбилиси) – 3:0

Қазақстан және Грузия командалары еурокубоктардың іріктеу кезеңдерінде 6 рет кездесті. 5 рет Қазақстан командалары келесі кезеңге өтті, грузиялықтар 2011 жылы ғана («Олимпи») біздің команданы жолда қалдырды.

12 кездесуде отандастарымыз 6 жеңіске жетті, 4 ойынды тең аяқтады, 2 рет жеңілді. Доп айырмасы – 16:7.

«Тобыл» еурокубоктарда 24 кездесу (+9=4-11) өткізді, 22 гол соғып, 26 гол жіберіп алды. Қазақстандық командалар арасында «Тобыл» еурокубоктардағы ойын саны бойынша – бесінші:
1. Астана» — 48 матч
2. «Ақтөбе» — 46
3. «Шахтер» — 30
4. «Қайрат» — 26
5. «Тобыл» — 24

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз