Криштиану Роналду: жаңа рекорд

6

ІІ тур. В тобы

20 маусым

Португалия – Марокко – 1:0 (Криштиану Роналду, 4)

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду еуропалық ұлттық құрамалар тарихындағы бас мерген атағына қол жеткізді. Мароккомен кездесуде ол Португалия сапындағы 85-добын енгізді. Мұның алдында ол Испания қақпасына 3 гол тоғытып, бұрынғы рекордшы Ференц Пушкашты (Венгрия) қуып жеткен еді.

Пушкаш 1945-1956 жылдар аралығында Венгрия сапында 85 матч өткізіп, 84 дәл соққы жасады.

Криштиану Роналду 2003 жылдың 20 тамызында Шавиш қаласында ұлттық құрама сапындағы тұңғыш матчын Қазақстан құрамасына (1:0) қарсы өткізді.

Тұңғыш голын Еуро-2004 додасында соқты. Содан бері КриРо Португалия құрамасы сапында 152 матч өткізіп, 85 рет мергендік танытты.

Марокко қақпасына енгізген добы – Криштиану Роналдудың биылғы әлем чемпионатындағы төртінші голы. Ол қазір Денис Черышев (Ресей) мен Диего Костадан (Испания) 1 гол алда келе жатыр.

 

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз