«Астана»: жаңа «аралға» сапар

6

Чемпиондар лигасы

Қазақстан чемпионы «Астана» командасы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Қаратау чемпионы «Сутьеска» (Никшич) командасымен кездесетін болды.

«Сутьеска» – Қазақстан командалары еурокубоктарда жолы тоғысатын 88-клуб.

Бұған дейін Қаратау командалалымен біздің клубтар еурокубоктарда тоқайласып көрген емес.

Қаратау – УЕФА мүшелері арасынан қазақстандық ұжымдармен командасы кездесетін 40-ел.

«Астана» 2013 жылғы дебютінен бері еурокубоктарда 23 командамен қарсылас болған. «Сутьеска» – 24-қарсылас.

Екі команда 10/11 және 17/18 шілде күндері кездеседі. Алғашқы ойын «Астана-Аренада» өтеді.

«Сутьеска» командасының жетістіктері:
Қаратау чемпионы (3): 2012/13, 2013/14, 2017/18
Күміс жүлдегер (2): 2005/06, 2014/15
Қола жүлдегер (1): 2008/09
Қаратау кубогының жеңімпазы (1): 2016/17

«Сутьеска» еурокубоктарға жетінші рет қатыспақ. Ең алғаш 2003 жылы Интертото кубогында екінші айналымға шықты. 2013/2014 маусымынан бері Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдеріне қатысып, алғашқы қарсыластарын жеңе алмай келеді. 2017/2018 маусымында Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Болгарияның  «Левски» командасынан 1:3 (0:0, 1:3) есебімен жеңіліп, жолдан шықты.

(«Шериф» ФК фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз