Еурокубок-2018/19: сіз білесіз бе?

5

Жаңа еурокубок маусымының ашылуына орай

  • Қазақстан командалары биыл еурокубоктарға 16 рет қатысады.
  • Бүл сапар 2002 жылы басталған болатын. Алғашқы матчты «Жеңіс» командасы 17 шілдеде сырт алаңда «Шериф» (Молдова) командасына қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жеңілді. Алғашқы жеңіске бір аптадан кейін қолымыз жетті. «Жеңіс» қарымта кездесуде «Шерифті» 3:2 есебімен жеңсе де, қос матч қорытындысында келесі кезеңге шыға алмады
  • Ең алғашқы гол авторы – Е.Ловчев («Жеңіс»). Ол «Шериф» — «Жеңіс» кездесуінің 8 минутында есеп ашқанмен, алаң иелері екінші таймда қос доп соғып, жеңісті жұлып алды.
  • Ең алғаш «Тобыл» командасы еурокубоктың келесі кезеңіне шықты. Қостанайлықтар 2003/04 маусымында Интертото кубогына қатысып, алғашқы екі кезеңде «Полония» (Польша), «Сент-Трюйден» (Бельгия) командаларын жолға тастады.
  • 2004 жылы Қазақстан клубтарының ешқайсысы лицензиялаудан өте алмағандықтан, еурокубоктарға қатыстырылған жоқ.
  • Биылға дейін еурокубоктарға Қазақстаннан команда 12 («Атырау», «Астана-1964», «Алматы», «Астана», «Ақтөбе», «Ертіс», «Жетісу» , «Қайрат», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Тобыл», «Шахтер») қатысты.
  • Оларға 87 команда қарсылас болды.
  • Ең көп командасы қарсылас болған ел – Венгрия. Мажарлардың 7 командасы («Гонвед», «Дебрецен», «Дьер-ЭТО», «Кечкемет», МТК, «Халадаш», «Фехервар») әр жылдары қазақстандық клубтармен еурокубоктарда кездесті.
  • Екінші орында – Польша (5 команда), үшінші орында – Армания, Грузия, Израиль және Словакия (4 командадан).
  • УЕФА мүшелерінен Қазақстан клубтары 39 елдің командаларымен кездесті. Әлі Италия, Англия, Әзербайжан, Лихтенштейн, Македония, Мальта, Люксембург, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Фарер, Гибралтар, Андорра, Сан-Марино, Косово командаларымен жолымыз түйіскен жоқ.
  • «Астана» биылғы еурокубокты Қаратау чемпионы «Сутьеска» командасымен ашпақ. Демек, Қаратау – бізге қарсылас болатын 40-ел.
  • Қазақстандық клуб тұңғыш рет еурокубоктың топтық кезеңіне 2013/14 маусымында шықты. Қарағандының «Шахтері» сол жылы Еуропа лигасының L тобында өнер көрсетті.
  • Чемпиондар лигасының топтық турниріне тұңғыш рет «Астана» жолдама алды. Елордалықтар 2015/16 маусымында Чемпиондар лигасының С тобында «Атлетико», «Галатасарай», «Бенфика» командаларымен ойнады.
  • Еурокубоктардың көктемгі кезеңіне, яғни плей-оффқа да «Асатан» отандық командалар арасынан бірінші болып шықты. Бұл команда биыл Еуропа лигасының 1/16 финалында «Спортингпен» (Португалия) ойнады.
  • Қазақстандық клубтармен еурокубоктарда ең көп кездескен командалар – «Селтик» (Шотландия), «Црвена Звезда» (Сербия) және «Олимпи» (Грузия). Олар біздің командаларға 3 рет қарсылас болды.
  • Еурокубоктарда ең көп кездесу өткізген – «Астана» (48 ойын).
  • Ең көп жеңіске жеткен де – «Астана» (16 жеңіс).
  • Ең көп жеңілген команда – «Ақтөбе» (20 жеңіліс).
  • Ең көп гол соққан және өз қақпасына ең көп гол жіберген – «Астана» (63:74).
  • Қазақстан командалары УЕФА коэффицентінде ең көп ұпайды 2015/16 маусымында жинады. «Астана», «Ақтөбе», «Қайрат» және «Ордабасы» командалары ел қоржынына 4,625 ұпай салды.
  • Қазақстан клубтарының еурокубоктардағы бас мергені — П.Твумаси («Астана», 15 гол). Отандық мергендер ішінде Самат Сымақов (8 гол) алда тұр.
  • Еурокубоктарда ең көп ойын өткізген футболшы — Ю.Логвиненко (50 матч).
  • Қазақстан бұл рейтингті өткен маусымда (2017/18) 55 ел ішінде 28 орында аяқтады.
  • «Ақтөбе» – қазақстандық клубтар ішінде еурокубоктарға ең көп қатысқан команда (11 маусым). «Қайрат» пен «Тобыл» биыл – сегізінші, «Астана» — алтыншы рет қатыспақ. «Ертіс» алтыншы рет қатыады да, бұл көрсеткіш бойынша «Шахтерді» қуып жетеді.
  • Биыл еліміздің атынан Чемпиондар лигасының іріктеуінде – «Астана», Еуропа лигасының іріктеуінде «Қайрат», «Ертіс» және «Тобыл» өнер көрсетеді.

 

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз