Маркес: қос мықтымен теңескен капитан

8

Әлем чемпионаты
І тур. F  тобы

Германия — Мексика — 0:1 (Лосано, 35)

Мексика құрамасының капитаны Рафаэль Маркес осы ойында алаңға 73 минутта Андрес Гуардадоның орнына шықты. Гуардадо алаңнан кетіп бара жатып, капитан белгісін Маркестің білегіне тағып кетті.

Демек, Маркес қатарынан 5 әлем чемпионатына қатысқан Антонио Карбахал мен Лотар Маттеустің рекордын жаңартып қана қойған жоқ, енді қайталануы қиын өзіндік рекорд та жасады.

Маттеус пен Карбахалдан ерекшелігі — Маркес өзі қатысқан 5 әлем чемпионатында да Мексика құрамасының капитаны болды. Мұндай жетістік әлі ешкімнің маңдайына бұйырған жоқ.

Серік Қантайдың постері:

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз