Муртазаев: «Ертіске» гол соққыш мерген

8

Қазақстан премьер-лигасы
14 тур. 17 маусым

«Астана» — Ертіс» — 3:0 (Муртазаев, 40, 67, Деспотович, 60)

«Астана» командасының шабуылшысы Роман Муртазаев «Ертіс» қақпасына қатарынан төртінші мачта гол соғып отыр. Ол елордалық командаға 2017 жылы ауысқан еді.
1. 05.2017 ж. «Астана» — «Ертіс» — 2:0 (Р.Муртазаев, 13 минут, 1:0)
2. 15.10.2017 ж. «Астана» — «Ертіс» — 2:1 (52 минут, 1:1)
3. 04.2018 ж. «Ертіс» — «Астана» — 1:6 (65 минут, 0:4)
4. 06.2018 ж. «Астана» — «Ертіс» — 3:0 (40, 67 минуттар, 1:0, 3:0)

Муртазаев – Қарағанды футболының түлегі. Ол 2013-2015 жылдар аралығында «Шахтер» сапында өнер көрсетіп, жиыны 14 гол авторы атанса, соның екеуін «Ертіс» қақпасына соқты. 2017 жылдан бері «Астана» сапында «Ертіске» 5 гол соғып отыр. Спорттағы ғұмырында Муртазаев 45 доп соқса, соның жетеуін «Ертіс» қақпасына енгізді.

2016 жылы Муртазаев бір маусым «Ертіс» сапында өнер көрсеткен еді. 19 гол соғып, премьер-лиганың екінші мергені (Ж.Гоудан кейінгі) атанды. Міне, енді «Ертістен» кеткен екі жыл ішінде павлодарлықтар қақпасына ең сүйікті нысанасына айналдырып отыр.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз