Марокко — Иран: биылғы алғашқы автогол

5

В тобы. І тур
Марокко – Иран – 0:1 (Бухаддуз, 90+5-өз қақпасына)

Бухаддуздың автоголы – әлем чемпионаттарындағы ең кеш автогол.

Бухаддуз 2006 жылдан бері алаңға екінші таймда шығып, өз қақпасына гол соққан екінші футболшы болып отыр. 2006 жылы үшінші орын үшін матчта Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Арманду Петит 46 минутта Коштиньяны алмастырып, 60 минутта өз қақпасына гол соғып алған-ды.

Бухаддуздың автоголы – биылғы чемпионатта соңғы минуттарда ойын тағдырын шешкен екінші гол. Мұның алдында Хименестің 90 минутта соққан добы Уругвайға Египет құрамасынан басым түсуге мүмкіндік берді.

Иран құрамасы екінші таймда Марокко қақпасына бір де бір соққы жасамаса да, жеңіске жетті. Мұндай оқиға 1966 жылдан бері бірінші рет қайталанып отыр.

Марокко құрамасының негізгі құрамында сол елде дүниеге келмеген 10 футболшы алаңға шықты. Марокконың өзінде туған – шабуылшы әл-Кааби ғана. Басқалары (Мохамеди, Хакими – Испания, Амрабат, Буссуфа, әл-Ахмади, Зиош – Нидерланд, Саисс, Бенатиа, Белханда, Харит – Франция) Еуропа елдерінде өмір есігін ашқан.

Иран құрамасы өз тарихында екінші рет ілем чемпионаттарының финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Алғашқы жеңісіне парсылар 1998 жылы Францияда қол жеткізіп, АҚШ-ты 2:1 есебімен тұқыртқан-ды.

Марокко — Иран матчын «Санкт-Петербор-Аренада» 62548 адам тамашалады. Бұл – осы стадионның өз рекорды. Оған дейін 2017 жылғы Конфедерация кубогында Чили мен Германия арасындағы ойынға 56290 адам келген болатын.

Иран осы чемпионатта азиялық құрамаларға алғашқы жеңіс сыйлады. Бұған дейін Сауд Арабиясы Ресейден ойсырай ұтылған (0:5) еді. Ал Африкадан келген құрамалар екі матчта қатарынан жеңіліп отыр: Египет – Уругвай  — 0:1, Марокко – Иран – 0:1.

Марокко құрамасы әлем чемпионаттарына бесінші рет қатысып отыр. Бұл жеңіліс – осы құраманың әлемдік додалардағы сегізінші сәтсіздігі (барлығы 14 кездесу өткізді).

Марокко әлем чемпионаттарында үшінші рет 0:1 есебімен жеңілді (1986 жыл – ГФР-дан, 1994 жылы – Бельгиядан).

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз