Египет — Уругвай: деректер

12

А тобы. І тур
15 маусым

Египет – Уругвай – 0:1 (Хименес, 90)

Египет әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізе алар емес. 1934 және 1990 жылдары мысырлықтар әдемдік додаларда 4 кездесу өткізіп, 2 рет тең ойнап, 2 рет жеңілген-ді. Биыл жеңіліс саны тағы 1-ге көбейді.

Уругвай құрамасы 1970 жылдан бері әлем чемпионатының алғашқы матчында бірінші рет жеңіске жетіп отыр:
1970 жыл. Уругвай — Израиль — 2:0
1974 жыл. Уругвай – Нидерланд – 0:2
1986 жыл. Уругвай – ГФР – 1:1
1990 жыл. Уругвай – Испания – 0:0
2002 жыл. Уругвай – Дания – 1:2
2010 жыл. Уругвай – Франция – 0:0
2014 жыл. Уругвай – Коста-Рика – 1:3
2018 жыл. Египет – Уругвай – 0:1

Уругвай құрамасы әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіндегі 52-мачтын өткізді. Бұл көрсеткіш бойынша оңтүстікамерикалықтар өздерінен басқа әлем чемпионы атанған 8 елден қалыңқы. Бірақ әзірше 7-орындағы Францияны ойын саны бойынша қуып жету де қиын. Өйткені француздар 59 кездесу өткізген. Осы чемпионаттағы алғашқы матч Франция құрамасы үшін 60 ойын болмақ.

Хименестің голы – биылғы чемпионатта соңғы минуттарда соғылған үшінші доп. Беташар матчта (Ресей – Сауд Арабиясы) Денис Черышев пен Александр Головин 90+1 және 90+4 минуттарда мергендік танытқан еді.

Матчтың үздік ойыншысы болып «перғауындардың» қақпашысы Мұхаммед әл-Шенави танылды. Оның қақпасына уругвайлықтар 14 соққы бағыттады, соның төртеуі қақпаға дәл ұшты.

Египет құрамасының көшбасшысы Мұхаммед Салах бұл ойында алаңға шыққан жоқ.

Бұл – Египет пен Уругвай құрамаларының тарихындағы екінші өзара кездесуі. Бұған дейін екі команда 2006 жылы жолдастық кездесу өткізіп, Уругвай 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Демек, бүгінгі матчтан кейін Уругвай өзара кездесулердегі нәтижесін жақсартты (2 жеңіс).

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз