Пенальти қайтарудан рекордшы кім?

2

Сәкен СЫБАНБАЙ

Әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш 11 метрлік 1930 жылдың 19 шілдесінде Чили – Франция матчында белгіленді. Қызық болғанда, чилилік Карлос Видальдің соққысын француз қақпашысы Алексис Тепо нысанаға дарытпады. Ал дәл осы ойынмен қатар өткен Аргентина – Мексика кездесуінде қарсыластар қақпасына үш пенальти белгіленді. Аргентиналық Фернандо Патерностердің соққысына қақпашы Оскар Бонфильо тосқауыл бола білсе, мексикалық Мануэль Росас 42-минуттағы пенальтиді дөп соқты, ал 65-минутта оның 11 метрлік нүктеден тепкен добын Анхель Боссио қайтара алды. Бірақ М.Росас кері серпілген допты торға қайта бағыттады.

Содан бергі 20 әлемдік доп додасында жалпы саны 219 пенальти белгіленген. Оның 175-і қақпаға тікелей еніп, гол болды. 3 пенальтиді қақпашылар кері қайтарғанымен, қайыра тебіліп, қақпаға енді. 24 пенальтиді қақпашылар нысанаға дарытпады. 2 соққы – маңдайшаға, 4 соққы – бағанаға тиді. 11 соққы не қиыс, не биік кетті.

219 пенальтидің бесеуі финалдық матчтарда белгіленді:
Неескенс   Германия – Голландия – 2:1               2-мин.        1974
Брайтнер  Германия – Голландия – 2:1                25               1974
Кабрини   Италия – Германия – 3:1                      25               1982*
Бреме        Германия – Аргентина – 1:0                85               1990
Зидан        Италия – Франция – 1:1, пен. 5:3        7                 2006
* — соғылмаған пенальти.

Командаларды жеке алып қарағанда, ең көп пенальти тепкен – Испания құрамасы (17, оның екеуін дәл соға алмаған). Германия – 13 (2), Бразилия – 12 (3), Мексика – 12 (3), Италия – 11 (3), Франция – 11 (1), Аргентина – 10 (2), Голландия – 10 рет пенальти орындаған. Ал «кімдер өз айып алаңында жиірек тәртіп бұзды?» дегенге келсек, Бразилия қақпасы 12 пенальтимен жазаланыпты. Францияға – 9, Германия мен Голландияға – 8-ден, Аргентина, АҚШ, Австрия, Швеция, Бельгия қақпасына – 7-ден, Уругвай мен Болгарияға – 6 пенальтиден белгіленген.

Әр чемпионат бойынша (жақша ішінде – соғылмаған пенальти):
1930 – 4 (3)                   1966 – 8                       1994 – 15
1934 – 4 (1)                   1970 – 5                       1998 – 18 (1)
1938 – 5 (2)                   1974 – 8 (2)                 2002 – 18 (5)
1950 – 5 (2)                  1978 – 14 (2)                2006 – 17 (4)
1954 – 8 (1)                  1982 – 10 (2)                2010 – 15 (6)
1958 – 10 (3)                1986 – 16 (4)                2014 – 13 (1)
1962 – 8                       1990 – 18 (5)                2018 – …..

Ойын барысында ең көп (4) пенальти соққысын орындаған футболшы төртеу: Эйсебио (Португалия), Роб Ренсенбринк (Голландия) және Габриэль Батистута (Аргентина) – тепкен 4 пенальтиін де торға дөп түсірсе, дәл осынша рет мүмкіндік алған Асамоа Гьян (Гана) оның 2-еуін мүлт жіберді.

Ал осы пенальтилерді белгілеген төрешілер кімдер еді? Көш бастап тұрған екі қазы – ағылшын Артур Эллис пен мексикалық Эдгардо Кодесал Мендес – әрқайсысы 5 пенальтиден белгілеген. Ян Кайзер (Голландия), Жоэль Кинью (Франция) және Батрес Гонсалестің (Коста-Рика) «мойнында» 4 пенальтиден бар.

Плей-офф кезеңінде ойын тең аяқталған жағдайда алдымен қосымша 30 минут (овертайм) беріледі. Қарсыластар бұл уақытта да бірінен-бірі асып түсе алмаса, жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтайды. Мұндай серия ең алғаш 1982 жылы Германия – Франция (3:3) жартылай финалында қолданылды. Содан бері тағы 25 кездесудің тағдырын осы бір жүйке жұқартар тәсіл шешіпті.

Матчтан соңғы пенальти серияларының да өз қаһармандары бар. Мәселен, 2006 жылы қақпашы Рикарду (Португалия) бір серияда 3 пенальти қайтарып, әлем чемпионаттарының рекордын жасады. Ал пенальти серияларындағы жалпы ұстаған соққыларының саны (4, яғни 2+2) жөнінен неміс Харальд Шумахер (1982-1986) мен аргентиналық Серхио Гойкоэчеа (1990) алда тұр. Бразилиялық Таффарел жалпы 3 пенальти қайтарған (1+2). 2 пенальти ұстағандарБорислав Михайлов (Болгария), Карлос Роа (Аргентина), Икер Касильяс (Испания), Александр Шовковский (Украина), Йенс Леманн (Германия), Фернандо Муслера (Уругвай), Жулио Сезар (Бразилия), Серхио Ромеро (Аргентина) және Тим Крул (Голландия). Бұлардың қатарына италиялық Джанлука Пальюканы да қосамыз (1+1).

Александр Шовковский – пенальти сериясында бірде-бір гол жібермеген тарихтағы бірінші қақпашы. Ол 2 соққыны ұстады, үшіншісі қақпа маңдайшасына тиді.

 

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз