Головкин&Канело: шаршы алаң сыртындағы драма

3

Сонымен, ұзақ уақытқа созылған «ластан» аяқталды: 15 қыркүйекте – Мексиканың тәуелсіздік күнінде Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес кездестін болды.

Оқиға жылнамасы:

12.06.2018 жыл. Golden Boy компаниясының президенті Ерик Гомес пен  Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің командасына ультиматум қойды. Олар жекпе-жек сыйақысын 57,5-42,5 пайыз деп Альварес пайдасына бұрды. Головкин осы ұсынысты қабыл алмаса, Альварестің командасы күзде Даниел Джейкобспен келісетінін мәлімдеді. Бірақ бұған Том Леффлер бастаған команда онша ыңғай таныта қойған жоқ. Альварестің командасы шешім қабылдауға Тынық мұхиты уақытымен (ТМУ) түскі 13 маусымдағы 13:00-ді белгіледі. Бұл Астана уақытымен түнгі 1:00 болатын.

13.06.2018 жыл. 13:00 (ТМУ). Екі тарап келісімге келе алған жоқ. Екі жақтың промоутері де жекпе-жек болмайтынын мәлімдеді. «Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Енді 100 пайыз сеніммен мәлімдеймін: жекпе-жек өтпейді. Оны Головкин қаламай тұр» деді де ла Хойя ESPN телеарнасы эфирінде.

13:10. Golden Boy компаниясының бір қызметкері журналисті кері шақырып алды. «Күте тұршы» деп өтінді ол. Кейін белгілі болғандай, де ла Хойя телефон арқылы ESPN тілшісімен сөйлесіп жатқан кезде, Е.Гомес Головкиннің командасымен жекпе-жекті құтқарып қалу үшін келіссөзді әлі тоқтатпапты. Де ла Хойяның телефоны бос болмағандықтан, Гомес келіссөздердің әлі жүріп жатқанын уақытыл ескерте алмапты.

13:20. «Біз әлі мәселені талқылап жатырмыз» деп хабарлады Том Леффлер.

13:30. Келіссөзге ынталы үшінші тарап – MGM Grand компаниясы кірісті. Ол екі жақты да қанағаттандыратын ұсыныс жасады. Бірақ оның қандай ұсыныс екені әлі нақты емес.

Шамамен бір сағат ішінде екі тарап ақыры келісімге келді. Бірақ Головкиннің 57,5-42,5 бөлінісіне келіспегені анық. Қазіргі қарапайым есеп бойынша, екінші жекпе-жектен отандасымыз 40 млн доллардан аса пайда табуға тиіс.

«Геннадий алған бетінен қайтқан жоқ. Ол «Канеломен» қарымта жекпе-жектен ешқашан қашқан емес. 5 мамырдағы кездесу өткізілмеген соң, ол өзіне чемпион ретінде құрметтің дұрыс болуын қалады. Жекпе-жектің өтпейтіні жарияланып қойса да, біз келіссөздерді қайта жандандыратын жол таптық. Бүге-шігесін дейін атқым келмейді, ең бастысы, Гена келісімшартқа разы» деді Т.Леффлер.

Сонымен, Головкин – Альварес. 16.09.2018 жыл. T-Mobile Arena (Лос-Анжелес). Бұл жекпе-жекте Головкиннің WBC, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтары бәйгеге тігіледі.

Головкиннің өзі қазір Мәскеуде жүр. Ол футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз