Қай команда чемпион?

10

Викторина!!! Викторина!! Викторина!

Құрметті футбол жанкүйерлері! Statsport.kz спорт статистикасы сайты Ресей-2018 әлем чемпионатына қатысты викторина жариялайды. 10 сұраққа жауап беріп, арнайы сыйлығымызды ұтып алсаңыздар болады. Мақсат – сайтқа оқырман тарту, әлем чемпионатынан қызықты мәліметтер ұсыну болғандықтан, жүлде қорымыз ақшалай емес екенін ескертеміз. Викторина жауабын осы жазбаның астына немесе yessey0708@gmail.com электрон поштасына жолдауларыңызға болады. Жауап Алматы уақытымен 14 маусым, сағат 19:00-ға дейін қабылданады. Жауап нұсқасына аты-жөніңізді, электрон поштаңызды, қай қаладан екеніңізді міндетті түрде көрсетіңіз.

Викторина қорытындысы 16 шілде күні шығарылады.

Жүлде саны үшеу:

Бірінші жүлде – «Одержимый совершенством» (Криштиану Роналду жайлы) және «Ала доптың аламаны» (авторы Сәкен Сыбанбай) кітаптары.

Екінші жүлде – «Буффон» (Д.Буффон жайлы) және «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!» (авторы Е.Жеңісұлы) кітаптары.

Үшінші жүлде – «Отдать всего себя» (Д.Дрогба жайлы) және «Бір жарық» (авторы Е.Жеңісұлы) кітаптары.

Викторина сұрақтары:
1) Чемпионаттың беташар матчы (Ресей – Сауд Арабиясы) қандай есеппен аяқталады?
2) Португалия – Испания матчының есебі
3) Германия – Мексика матчының есебі
4) Аргентина – Хорватия матчының есебі
5) Англия – Бельгия матчының есебі
6) Чемпионаттың бас мергені кім болады және ол неше доп соғады?
7) Қай төреші финалдық матчтың бас қазысы болады?
8) Жартылай финалдағы жұптарды атаңыз.
9) Қай команда чемпион болады? (Финалдағы қарсыласын және есепті қоса атаңыз).
10) Чемпионаттың ең үздік ойыншысы кім болады?

Қатысушылардың ұпайы тең болған жағдайда, жеңімпаз қосымша көрсеткіштер (6 және 9 сұрақтардағы жауаптарының бөлшектеріне сай) анықталады.

Іске сәт!

(eurosport.kz фотосы)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз