Рыпакова Ибаргенді қуып жете ала ма?

5

Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова биылғы «Жақұт лигаға» Осло (Норвегия) сынынан бастап қатысты. Бүгінге дейін «Жақұт лиганың» кезеңдері 5 қалада өткізілсе, соның ішінде Шанхай мен Осло бағдарламасында ғана үш секіру сыны болды.

Шанхайда басты фаворит Катериан Ибарген (Колумбия) топ жарған еді. Ол 14,80 метрге секіріп, маусымдағы әлемнің ең үздік нәтижесін хаттамаға тіркетті. Күміс жүлде – Шаниеки Риккетске(Ямайка, 14,55), қола жүлде Кимберли Уильямсқа (Ямайка, 14,35) бұйырды.

7 маусымда Ослода К.Ибарген тағы да алдына жан салмады. Ол алғашқы талпынысында-ақ 14,89 метрге секіріп, биылғы көрсеткішін тағы жаңартты.
Күміс жүлде иесі – Тори Франклин (АҚШ, 14,57).
Қола жүлде – Кимберли Уильямста (14,50).

О.Рыпакова 6 мүмкіндіктің үшеуін сәтті пайдаланып, төртінші кезекте 14,12 метрге секірді. Бұл – 8-нәтиже.

Үш секірушілер келесі жолы Парижде сынға түседі. Франция астанасында «Жақұт лиганың» кезеңі 30 маусымда өтеді.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз