УЕФА-дан тексеріс келді

3

28 мамыр күні «Тобыл» футбол клубының негізгі стадионының 2018/19 жылғы еуропалық клубтық жарыстарының ойындарын қабылдауға дайындығы, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стадионды УЕФА-ның арнайы өкілі, ағылшын Марк Блэкберри қадағалады. Спорттық нысанды тексеру жұмыстарына Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та қатысты.

Марк Блэкберри Орталық стадионның УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу турнирінің ойындарын қабылдауға жарамды екенін мәлімдеді. Алайда, УЕФА делегатының қорытынды шешімі кейін жарияланады.

УЕФА инспекторы қайта жаңартылған Орталық стадионның инфрақұрылымына оң баға бере отыра, бірқатар ескертулер де жасады.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз