Садриддин Ахмедов пен Ариэл Зампедри салмақ өлшеу рәсімінен өтті

1

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Канада елінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын «Қазақ сарбазы» мен аргентиналық боксшы Ариэл Алехандро Зампедри (9-3-0, 7КО) ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында сынға түсетін қос спортшы орта салмақта, 4 раундтық жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан болатын.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз