British Lionhearts командасына қарсы жұдырықтасатын «Астана арландарының» құрамында өзгеріс болды

4

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы British Lionhearts командасына қарымта кездесу өткізетін «Астана арландарының» құрамында өзгеріс болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

26 мамыр күні Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтетін «Астана арландары» — British Lionhearts  арасындағы қарымта кездесуде сынға түсетін боксшыларымыз белгілі болған еді. Бүгін сол құрамда өзгеріс болды. 60 келіде шаршы алаңға шығады деп жоспарланған Зәкір Сайфуллиннің орнына Серік Теміржанов жұдырықтасады.

Айта кетйеік, «Арландар» сапында 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов жұдырықтасса, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 81 келіде Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Астана арландары» British Lionhearts командасына қарсы өткізген алғашқы кездесуінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз