British Lionhearts командасына қарсы жұдырықтасатын «Астана арландарының» құрамы белгілі болды

12

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы British Lionhearts командасына қарымта кездесу өткізетін «Астана арландарының» құрамы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

26 мамыр күні, Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтетін «Астана арландары» — British Lionhearts  арасындағы қарымта кездесуде сынға түсетін боксшыларымыз белгілі болды. «Арландар» сапында 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов жұдырықтасса, 60 келіде Зәкір Сайфуллин сынға түседі.  69 келіде Асланбек Шымбергенов, 81 келіде Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Астана арландары» British Lionhearts командасына қарсы өткізген алғашқы кездесуінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.  

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз