Қазақстандық балуандар АҚШ елінде өткен турнирде топ жарды

2

Еркін күрестен Қазақстан жастар құрамасы АҚШ елінде өткен халықаралық турнирде топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жас балуандарымыз АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Journeymen International Camp-2018» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. 60 келі салмақта белдескен Абзал Өкенов қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақса, 82 келідегі Данияр Мелдебек пен  100 келі салмақтағы Ерғали Әлішер қарсыластарын қоғадай жапырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ аса ауыр салмақтағы Омар Эюбов алтын медальді қанжығасына байлады. Ал 72 келіде сынға түскен Әкежан Абдихамит пен 92 келідегі Аслан Дзицоев күміспен күптелсе, 54 келіде белдескен Адлан Аскаров қола жүлдеге қол жеткізді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз