Атырау жұрты Арманға ақ жол тіледі

5

Аралас жекпе-жектен түрлі халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғап, жеңіс биігінен көрініп жүрген Арман Әшімов 24 мамыр күні чемпиондық белдеу үшін айқасқа түседі. Қарсыласы – украиналық  Александр Доскальчук.

Бұл айқаста Арман Әшімов пен Александр Доскальчук М-1 тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласады. Украин Доскальчук жарақатына байланысты спорттан жырақтап ем-дом алумен жүрді. Дегенмен де бабына келген оны осал деуге келмейді. Ол жекпе-жектен 8 айқас өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіліс тапқан.

«Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танымал Арман Әшімов Ресей жерінде өткізген айқастарында қарсыластарын кескен теректей сұлатып айқын басымдықпен жеңіп жүр. Жеңістің жібі үзілмей, елімізге абыроймен оралғай дейміз.

Жақында Атырау облыстық  Жекпе-жек федерациясының президенті Әлібек Аймұратов Арман Әшімовті арнайы шақыртып, құрметті қонақ етті. Белгілі кәсіпкер, ел спортының жанашыры Ерлан Табылдиев,   Атырау облыстық таеквондо федерациясының президенті Арман Тугаев бастаған азаматтар сайыпқыран саңлақ спортшы Арман Әшімовке оқалы шапан жауып, құрмет көрсетіп, алдағы Санкт-Петербург төрінде өтетін айқасқа сәттілік тіледі.

 Т. КӨШЕК,

АТЫРАУ

Дереккөз: SortPress.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз