Муайтайдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

2

Қазақстандық муайтайшылар әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Муайтайдан Қазақстан ұлттық құрамасы Мексика елінде өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті.  Әлемнің 77 елінен 800-ден астам спортшы қатысқан дүбірлі додада спортшыларымыз 7 медаль жеңіп алды. Еламан Саясат 51 келі салмақта күміс жүлдегер атанса,  Бақытжан Аріпханов (48 кг), Алмас Сарсембеков (57 кг), Ишан Галиев (60 кг), Жәнібек Қанатбаев (67 кг), Намик Нефталиев (71 кг), Вадим Лопарев (75 кг) сынды спортшылар қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Муайтай спорты Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін. Ашхабадта өткен жабық кешенді Азия ойындарында тайбоксшылар да сайысқа түскен болатын

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз