Регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

5

Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Алматыда өткен жатқан дүбірлі додада отандастарымыз қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Жартылай финалда Монғолия спортшыларын 55:6 есебімен ұтқан отандастарымыз ақтық айқаста Пәкістан құрамасын 46:0 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кетейік, регбиден мұндай жарыс Қазақстан елінде тұңғыш рет өтіп жатыр. Ойындар Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті фондының спорт кешенінде өтуде.

Естеріңізге сала кетсек, регби 2016-шы жылдан бері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз