Қазақстандық регбишілер Азия чемпионатының алтынына таласады

3

Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының финалына финалына шықты, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Алматыда өтіп жатқан дүбірлі додада отандастарымыз жартылай финалда Монғолия спортшыларын 55:6 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алды. Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстанды 82:0 есебімен тас-талқан еткент Пәкістан құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, регбиден мұндай жарыс Қазақстан елінде тұңғыш рет өтіп жатыр. Ойындар Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті фондының спорт кешенінде өтуде.

Естеріңізге сала кетсек, регби 2016-шы жылдан бері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз