Хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

4

Қазақстанда  2019 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияның Копенгаген қаласында IIHF Халықаралық хоккей федерациясының жылдық конгрессі басталды. Отырыстың қорытындысы бойынша 2019 жылы өтетін Бірінші дивизионның А тобының ойындарын Қазақстан мемлекетінде өткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, еліміз тұңғыш рет хоккейден ерлер арасында Әлем чемпионатын қабылдайды.

Айта кетейік, пталмыш жарыс Астанадағы «Барыс аренада» 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтеді. Бұл турнирге Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения және Литва командалары қатысады.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз