«Астана арландары» — British Lionhearts командасынан басым түсті

4

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясында кездескен «Астана арландары» — British Lionhearts командасынан басым түсті , – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өткен бокс кешінде отандастарымыз қарсыластарынан бір бас жоғары екенін көрсетіп, тартысқа толы өткен кездесуде жеңісті жұлып алды. 49 келіде сынға түскен Теміртас Жүсіпов Яфай Галалдың мысын баса алмағанмен, 56 келідегі Ільяс Сүлейменов Фаррель Ниал Диннен бір бас жоғары екенін көрсетті. 64 келідегі Ділмұрат Міжітов Смит Далтонды айқын басымдылықпен ұтса, 75 келіде өнер көрсеткен Əбілхан Аманқұл Джордан Рейнольдстан айласын оңай асырып, есепті 3:1 жеткізді.  Өкінішке қарай, ауыр салмақта сынға түскен Арбек Абдуғаниев Кларк Чавонның осал тұсын таба алмады. Жалпы жекпе-жек қорытындысы бойынша «Арландар» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні, Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз