Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

3

Әділет Дауламбаев пен Нұржан Өмірбеков әскерилер арасындағы әлем чемпионатының ақтық сынына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әділет Дауламбаев пен Нұржан Өмірбеков Ресейдің Мәскеу қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының алтынына таласады. 92 және 125 келіде сынға түскен еркін күрес шеберлері қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. Финалда Әділет Дауламбаев (92 келі) жергілікті балуан Юрий Беленовскиймен белдессе, аса ауыр салмақтағы Нұржан Өмірбеков ирандық балуанмен күш сынасады.

Айта кетейік, әскерилер арасындағы дүбірлі дода осымен 33-рет өтіп жатыр.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз