Мэнни Пакьяо: Ломаченкомен жекпе-жек өткізуге дайынмын

4

Филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) мен Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Mmaboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо  жақында ғана жеңіл салмақты WBA тұжырымының чемпиондық атағын жеңіп алған Ломаченкомен жекпе-жек өткізуге тас түйін дайын екенін айтты. 

«– Иә, мен Ломаченкомен жұдырықтасып, әлеуетімді тексеріп көргім келеді. Ол қазір Линаресті жеңіп, WBA тұжырымының чемпионы атанды. Демек, екеуміздің жекпе-жегіміз де чемпиондық атақ үшін өтеді. Біздің кездесуіміз АҚШ-та өтуі мүмкін. Әрқашан үлкен жекпе-жектер өткізуге дайынмын. Әрине, жеңіл салмаққа түсу мен үшін оңай болмас, алайда мен бәріне дайынмын», – деді Мэнни.

Айта кетейік, Василий Ломаченко  WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Хорхе Линаресті техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. Ал Пакьяо келесі жекпе-жегін 15 шілде күні Малайзия елінде аргентиналық панчер Лукас Матиске (39-4, 36 КО) қарсы өткізеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз