Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында топ жарды

5

Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Панамада өткен әлем чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Комбат джиу-джитсудан сынға түскен отандастарымыздың барлығы финалға шығып, тек 2 спортшымыз ғана күміс жүлдені місе тұтты. 77 келіде сынға түскен Ерлан Тілеумбетов қарсыластарынан бір бас жоғары екенін дәлелдесе, Нұрлан Тілеумбетов аса ауыр салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ Асу Алмабаев пен Темірлан Айсадилов өз салмақтарының үздіктері атанды. Ал Төлеген Атақұлов пен Исламхан Қани күміс жүлдеге ие болды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте ешкімге дес бермей, бас жүлдені жеңіп алды.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз