Ақжүрек Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

5

Лондан олимпиядасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысына қарасты «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып тағайындалды. Бұл туралы балуанның ағасы Досымжан Таңатаров өзінің инстаграммдағы ресми парақшасында мәлімдеді.

– Ақжүрек інім Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен «Обылыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директоры болып тағайындалды.
Інімнің ісіне береке беріп жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын», – Досымжан.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров 2017 жылы Парижде күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында 70 келіде сынға түсіп, қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз