Айдос Ербосынұлы Шүменов-Алтункая жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді

7

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегі Шүменов-Алтункая арасындағы кездесудің андеркартында өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Айдос «Барыс«  Ербосынұлы (7-0 6KO)7 шілде күні Астана қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз  жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті. «Барыстың» қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін «777» кәсіпқой спорт клубы ұйымдастырған бокс кешінде өткізіп, ресейлік қарсыласын 4 раундта нокаутқа жіберген болатын.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз