Дәулет Ниязбеков әлемдегі ең үздік 5 балуанның қатарында

8

Еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінде ең үздік 5 балуанның қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық күрес ұйымы әлемдегі ең үздік 5 балуанның тізімін жариялады. 65 келіде ел намысын қорғайтын Дәулет Ниязбеков жаңартылған рейтингте 26 ұпаймен 4-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы көш тізгінін 45 ұпаймен ресейлік Ильяс Бекбулатов бастап тұрса, екінші орында түрік балуаны Селахаддин Киличаллаян тұр. Ал үздік үштікте 2017 жылғы әлем чемпионы әзірбайжандық Гаджи Алиев кірсе, Рио Олимпиадасының чемпионы Владимир Хинчегашвили 5-орынға тұрақтаған. 

Айта кетейік, Дәулет Ниязбеков Азия чемпионатынан кейін әлемдік додада белдескен жоқ. Сондай-ақ жаңартылған рейтингте Нұрислам Сана 61 келіде 3-орында тұр.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз