«British Lionhearts» командасына қарсы жұдырықтасатын «Астана арландарының» құрама белгілі болды

7

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» — «British Lionhearts» жекпе-жегінде сынға түсетін боксшылар анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

17 мамыр күні Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өтетін бокс кешінде өнер көрсететін қос команданың құрамы белгілі болды. Алғашқы жартылай финалдық матчқа қатысатын Astana Arlans пен British Lionhearts құрамасын назарларыңызға ұсынамыз: 
49 кг. Теміртас Жүсіпов — Яфай Галал
56 кг. Ільяс Сүлейменов — Фаррель Ниал Дин
64 кг. Ділмұрат Міжітов vs Смит Далтон
75 кг. Əбілхан Аманқұл vs Уиттакер Бенжамин
91 кг. Арбек Абдуғаниев — Кларк Чавон

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні, Атыраудағы«Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз