Роналдуға шапан жапқан қазақ кәсіпкері Ломаченконы қолдауға барды

8

Әлемнің ең үздік футболшысы Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын жапқан белгілі кәсіпкер Ибрагим Акдрашев WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченконы  Хорхе Линареске қарсы өткізген жекпе-жегіне қолдауға барды.  

Қазақстандық белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры  Ибрагим Акдрашев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында өткен Василий Ломаченко мен венесуэлалық Хорхе Линарестің кездесуін тамашалауға арнайы барды. Ибрагим Акдрашев үлкен спорт шараларынын қатысып қана қоймай, өзі де ұйымдастырады. Атап айтсақ, жақында ғана Атырауда «CharityBike Ride Atyrau — 2018» қайырымдылық велошеруі өткізіп, одан түскен қаражаттың барлығын  спортпен айналысамын деген жас жеткіншектердің қажеттіліктеріне жұмсаған болатын.

Айта кетейік, Василий Ломаченко  WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Хорхе Линаресті техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз